Қылмыс

"Сойып тастады": Петропавлдағы жаға ұстатарлық оқиға видеоға түсіп қалды

  • "Сойып тастады": Петропавлдағы жаға ұстатарлық оқиға видеоға түсіп қалды

Видеоны Нұрсұлтан Назарбаев көшесінің бойында орналасқан көпқабатты үйдің тұрғындары түсіріп алған


Петропавл қаласында ер адам әйелмен бірге көпқабатты үйдің дәл жанында итті сойып, бөлшектеп тастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Әлеуметтік желіде жаға ұстатарлық видео тарап кетті. Оны Нұрсұлтан Назарбаев көшесінің бойында орналасқан көпқабатты үйдің тұрғындары түсіріп алды.

"Бүгін сағат 13:20-да ер адам тұрғын үйдің алдында итті сойып, бөлшектеп тастады", - дейді видео авторы.

Петропавл қаласының полиция департаменті қасапшыларды ұстады. 42 жастағы ер адам мен 60-тағы әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

"Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 316-бабы (жануарларға қатыгездiк жасау) бойынша тергеу шаралары жүргізіліп", - дейді полицейлер.

Осы бапқа сәйкес, 120 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, я болмаса, 120 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстар не 30 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу жазасы қарастырылған.




Көрілген: 1615    Пікірлер: 0

жұма, 11.06.2021, 10:43

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30