Қылмыс

Спорт комитетіндегі сыбайлас жемқорлыққа қатысты іс бойынша тағы екі адам ұсталды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Шығыс Қазақстан облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының бұрынғы және қазіргі орынбасарларына қатысты қылмыстық істі тергеу барасында парақорлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тексеруді бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы тәртібімен тергеу барысында нысанның құрылысымен айналысқан ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің лауазымды тұлғасы және оның танысы ұсталды.

 

Олар аталған қылмыстық істі тоқтату үшін кәсіпорындардың бірінің басшысын 40 млн теңге сомасында пара бергізуге азғырған.

 

Осы факті бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

 

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл мамыр айында Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасарлары ұсталды. Олар Риддер қаласындағы «Республикалық мамандандырылған олимпиадалық резервтік мектеп-интернаты» РММ-нің 300 орынға арналаған оқу корпусы» құрылыс нысанын салу кезінде іс жүзінде орындалмаған жұмыс үшін мердігердің шотына 380,8 млн теңге сомасында бюджет қаражатын аудару арқылы жымқырды деген күдікке ілінді.

 




Көрілген: 351    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.06.2020, 14:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31