Қылмыс

Студент қызды 1 млн теңгеге сатпақ болған жеңгетай ұсталды

  • https://polisia.kz/

    https://polisia.kz/

Түркістан облысының полицейлері кәмелетке толмаған қызды сатқан күдіктіні ұстады​, – деп хабарлайды Polisia.kz.​​​​​

 

13.04.2020 жылы Түркістан облысы Полиция департаментінің криминалдық Полиция басқармасына бір әйел кәмелетке толмаған қызды жыныстық қызмет көрсету үшін белгілі сомаға сататыны туралы хабарлама келіп түсті.

Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабының 2-бөлігі (жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.​​​​​​

 

Сол күні жедел-іздестіру іс-шарасы барысында, Түркістан облысы ПД КПБ және Сайрам АПБ-ның қызметкерлері Сайрам ауданы Ақсукент ауылындағы қонақ үйлердің бірінде кәмелетке толмаған қызды сату кезінде Шымкент қаласының тұрғынын ұстады.

 

Кәмелет жасына толмаған қыз мегаполистің тұрғыны, оқу орындардың бірінің студенті болып шықты.

 

Полиция қызметкерлері күдіктіден айғақты зат ретінде миллион теңге ақшаны тәркілеп алды. ​​

 

Тергеу барысында күдіктінің бұрын осы жас қызды бірнеше рет жыныстық қызмет көрсету үшін ұсынғанын анықтады. Жеңгетайлық келіссөздерді телефон арқылы жүргізіп, клиенттерге мессенджермен кәмелетке толмаған қыздың суретін көрсетіп отырған. Оны пәк, таза деп сылтауратып, клиенттерден ірі көлемде ақша сұрап, келісуден кейін кездесуді ұйымдастырып отырғаны белгілі болды.​​​​

 

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.

 

Түркістан облысы ПД-нің полицейлері істің толық мән-жайын және күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтап жатыр.

 




Көрілген: 452    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.04.2020, 12:27

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31