Қылмыс

Сұлулық салоны қызметкерін өлтірді деген ерлі-зайыпты күдіктілер ұсталды

  • © ktk.kz

    © ktk.kz

Үш апта бұрын Алматыдан шығатын жолда (Алматы облысы Іле ауданы Ащыбұлақ ауылына жақын маңда) із-түссіз жоғалып кеткен 40 жастағы Батура Мамедова өлі табылды. Бұл мәліметті облыстық полиция департаменті өкілдері растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Полиция мәліметінше, әйелді өлтірді деген күдіктілер ұсталған.


"Алматы облысының полицейлері із-түзсіз жоғалып кеткен Батура Гадированы (қайтыс болған әйелдің күйеунен алған тегі - авт. түсіндірмесі) іздеу барысында оның жоғалуына қатысы бар екі адамды ұсталды. Соңғы рет әйелді Алматыда көргенін ескере отырып, жоғалып кеткен адамды іздестіру ісі Түрксіб ауданында тіркелді. Кейін іздеу шараларына Алматы облысының полицейлері де қосылды. Олар хабар-ошарсыз кеткен әйелдің барлық бағытын бақылап, оның жоғалуына қатысы бар ерлі-зайыптыларды ұстаған. Іздестіру шаралары барысында әйел тонаудың құрбаны болуы мүмкін деген болжам қарастырылды", - деді Алматы облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері.


Облыстық полиция өкілдері күдіктілердің Алматыда тұратын ерлі-зайыптылар екенін анықтаған. Олар жалға алынған автокөлікпен жеке адам тасымалдаумен айналысқан. 27 мамырда марқұм жолаушы ретінде солардың көлігіне отырған. Әйел өлгеннен кейін отбасылық жұп оны көміп тастаған.


"Екі адам, ер мен әйел анықталды. Оларға ұрлық және кісі өлтіру бойынша айып тағылған. Күдіктілер жәбірленушінің мәйітін жерлеген орнын көрсетті. Екеуі де ұсталды және қамауға алынды", - деп нақтылады полицейлер.


Осы дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды және сараптамалар тағайындалды. Тергеу шарасымен Іле аудандық полициясы айналысады. Әйелдің екі баласы болған. Батура Мамедова 27 мамырда із-түссіз жоғалып кеткен.


Әйел кешкі уақытта жұмысынан шығып үйіне қайтып келе жатқан. Қалада ол сұлулық салонында жұмыс істеген.


Туыстарының айтуынша, ол соңғы рет үйге келе жатырмын деп хабарласқан. Қаладан облысқа ол бірнеше көлік ауыстыруға (автобуспен және таксимен) мәжбүр болған екен.


Туыстарының болжамы бойынша, оны біреулер тонап, ұрып кеткен болуы мүмкін. Жоғалып кеткен күні ол өзімен қомақты сома алып жүрген және бағалы әшекей бұйымдары болған.


 




Көрілген: 488    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 17.06.2019, 09:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31