Қылмыс

Сүйіктісінің адам өлтіргенін жасырған қыз істі болды

  • https://kapital.kz/

    https://kapital.kz/

Павлодар облысында жігітінің адам өлтіргенін жасырған қыз ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 

Павлодар облысы Успен ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері 30 жастағы ауыл тұрғынына қатысты істі тергеуде.

 

– Маусым айының соңында Успен ауданының Қозыкеткен ауылында 22 жастағы жергілікті тұрғын жанжалдан кейін танысына пышақ жарақатын салған, соның салдарынан ол оқиға орнында көз жұмған. Ауыл тұрғыны қылмыстың куәгері болды, бірақ полицияға болған оқиға туралы хабарлаудың орнына, қыз алдымен заттай дәлелдемелерден арылуға тырысты – ол қылмыс құралын – пышақты жуып, жасырды, сонымен бірге марқұмның заттарын жуды. Осыдан кейін тұрғындар оқиға орнынан кетіп, бақшаға тығылды. Олар жазадан жасырыну үшін ауданнан кетуді жоспарлады, бірақ жоспарды жүзеге асыра алмады. Бірнеше сағаттан кейін полиция ұстады, – деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

 

Қылмыс жасаған күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

 

Ал осы қылмысты жасырған оның сүйіктісіне қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 432-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.




Көрілген: 487    Пікірлер: 0

жексенбі, 22.08.2021, 01:02

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31