Қылмыс

Сұйық сабын, тұз, ақша керек болған: Павлодар тұрғыны 848 мың теңгеге "көз тиюден емделді"

  • Сұйық сабын, тұз, ақша керек болған: Павлодар тұрғыны 848 мың теңгеге

    Сұйық сабын, тұз, ақша керек болған: Павлодар тұрғыны 848 мың теңгеге "көз тиюден емделді"

89 жастағы зейнеткер теледидардан аурудан жазылуға көмектестін адамдардың хабарландыруын көріп, опық жеп қалған. Бұл туралы Павлодар облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап, Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Мойны ауырған Павлодар тұрғыны теледидардан "Көз тиюден құтыл" деген хабарламаны көріп, көрсетілген нөмірге хабарласқан. Телефоннан оған кездесетін уақыт пен жерді айтқан. Ол Галина және Мария есімді екі әйелмен кездескен. Екеуі ер адамға емдеп жазған адамдарының суреттерін көрсеткен.


Марияның сөзінше, көз тиюден құтылып, емделу үшін сұйық сабын, тұз, құлып және ақша керек екен. Ер адам оның осы айтқандарына сеніп келесі күні жоғарыда аталған заттарды және 848 мың теңге алып келген. Мария атаны көз тиюден емдедім деумен, алдап кеткен.


Арада уақыт өткеннен кейін атаның мойны қайтадан ауыра бастайды. Ол полицияның көмегіне жүгінуді жөн көреді.


Сол күні полицияға 28 жастағы Ақсу тұрғынына шағымданып, 52 жастағы әйел келеді. Ер адам 6 маусым күні әйелді алдап, 140 мың теңгесін алып қойған.


"Екі жағдайда алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары, тергеу әрекеттері, жедел іздестіру шарасы жүргізіліп жатыр", — деп хабарлады полиция қызметкерлері.


Полицияның мәліметінше, алты айдың ішінде аймақта 515 алаяқтық фактісі тіркелген.




Көрілген: 420    Пікірлер: 0

жексенбі, 14.07.2019, 16:08

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31