Қылмыс

«Сыра королі» Тоқтар Төлешовтен мемлекет пайдасына 1 млрд 215 млн теңге өндірілді

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Шымкенттік прокурорлар бұған дейін ұзақ мерзімге сотталған «Сыра королі» Тоқтар Төлешовтен қанша ақша өндірілгенін жария етті. Қадағалау органдары өкілдерінің айтуынша, күні бүгінге дейін сотталушыдан мемлекет пайдасына 1 млрд 215 млн теңге түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Қалалық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлағандай, мемлекеттік сот орындаушысы 2017 жылдан бері Тоқтар Төлешовтен мемлекет пайдасына 1 млрд 400 млн теңге өндіруі керек болған.


«Іс-құжаттарды зерделеу нәтижесінде ЖШС-нің жарғылық капиталындағы активтері ретінде берілген борышкер Тоқтар Төлешовке тиесілі мүліктері анықталды. Алайда аталған мүліктерінен өндіруді ұзақ уақыттан бері жүзеге асыра алмаған. Қала прокуратурасының тікелей араласуымен мемлекеттік сот орындаушы аталған мүліктерге бағалау жүргізді. Нәтижесінде соттың ұйғарымы бойынша олар мемлекет пайдасына берілді. Атқару өндірісінің аясында сотталушыға қатысты үкім орындалып, жалпы сомасы 1 млрд 215 млн теңгені құрайтын борышкер мүлкінің бюджетке түсуі қамтамасыз етілді. Сот үкімінің әрі қарай орындалуы прокуратураның бақылауында болады», делінген хабарламада.


Еске салайық, ел ішінде «Сыра королі» атанып кеткен сыра зауытының бұрынғы қожайыны Тоқтар Төлешов 2017 жылы Қылмыстық кодекстің бірнеше бойынша айыпты деп танылған болатын. Еңбекші аудандық соты оны түпкілікті 21 жыл бас бостандығынан айырып, жазаны барынша қатаң түрде өтеуге үкім еткен. Сондай-ақ, бұрынғы кәсіпкерден мемлекет пайдасына 1 млрд 400 млн теңге өндіруді белгілеген еді.


 


 




Көрілген: 707    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 16.09.2019, 17:48

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31