Қылмыс

Тағы бір бүлдіршін азғынның құрбаны бола жаздады (ВИДЕО)

  • Тағы бір бүлдіршін азғынның құрбаны бола жаздады (ВИДЕО)

    Тағы бір бүлдіршін азғынның құрбаны бола жаздады (ВИДЕО)

Ғаламтор бетінде тағы бір педофильдің кішкентай қызды алдап, ертіп алып кетпек болған видеосы пайда болды. Абырой болғанда, бүлдіршін қызды белгісіз бір адам құтқарып қалған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бейнежазба Facebook желісіндегі «Немолчиkz» парақшасында жарияланды. Оқиға Орал қаласының Зачаганск ықшам ауданында болған. Кадрдан ойын алаңында алаңсыз ойнап отырған екі қызға белгісіз біреудің жақындағанын анық байқауға болады. Біраз уақыт алдап, әңгімелескеннен кейін ол қыздардың біреуін өзімен бірге ертіп кетуге бастайды. Сол мезетте тұрғындардың бірі келіп қалып, оны ұрып құлатып, қызды құтқарып қалады. 

Полиция департаментінің хабарлауынша, бұл видео 2 тамыз күні, кешкі уақыттарда түсірілген. Қазіргі уақытта күдіктінің жеке басы анықталып, қамауға алынған. 

«Орал қаласы ПБ Зашаған полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне белгісіз ер адамның Мөңкеұлы көшесіндегі үйдің ауласынан алты жасар қызды алып кеткісі келгені туралы хабарлама келіп түсті. Қазіргі уақытта қыздың анасы жазған өтініш тіркелді. Ер адам анықталып, ұсталды. Ол мас болған», - делінген Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті таратқан мәліметте.

Бұл оқиға әлеуметтік желі бетінде қызу талқыланып жатыр. Пікір білдірушілердің барлығы да педофильдерге қолданылатын жазаны күшейтпей, мұндай оқиғаларға тоқтау болмайтынын айтқан. 

Қоғам белсендісі әрі Тәуелсіз кәсіподақ ұйымының төрағасы Талғат Қатауовтың ойынша, елде педофильдерге қарсы заңдар өте әлсіз.

«БҚО Полиция департаменті басшысы М.Әбіләзімов назарына!
Департаменттің осы туралы түсініктеме беруін талап етеміз! Әлде халықтың ашынып, ДВД алдына барып талап еткенін күтіп отырсыздар ма?!

Мына видеокамерада Зашаған кентіндегі Мөңкеұлы көшесі, 113 үйдің ауласында педофилдің бүлдіршінді алдап, жетектеп бара жатқанын байқаған жігіт, оны ұрып, сәбиді алып қалады.

Біздің елде педофилдерьге қарсы заңдар өте әлсіз. Мына видеодағы ер азаматты полиция ұстап, бірақ «қылмыстық әрекет жоқ» деп босатып жіберу мүмкін.

Бұл айуан жазадан оңай құтылғасын келесі бүлдіршінді аңдиды.

Себебі, мамандар педофилдер-психикалық ауытқушылығы бар адамдар дейді», - деп пікір білдірген өзінің facebook парақшасында.
 




Көрілген: 317    Пікірлер: 0

сейсенбі, 04.08.2020, 12:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30