Қылмыс

Тәжікстан азаматтары Алматыда жарылыс ұйымдастырмақ болған

  • Тәжікстан азаматтары Алматыда жарылыс ұйымдастырмақ болған

    Тәжікстан азаматтары Алматыда жарылыс ұйымдастырмақ болған

Алматыда Тәжістан Республикасының жеті азаматына қатысты қылмыстық істі қарастыру аяқталды, - Tengrinews.kz тілшісі қаланың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына сілтеме жасап.


Олар Ислам Республикасы Ауғанстанда жүрген "Шахамад" есімді рухани тәлімгерлерінің бастауымен 2018 жылдың желтоқсанынан 2019 жылдың 10 қаңтарына дейін лаңкестік топтың құрамында болып, радикал діни сенімдер негізінде терроризм актілерін жасауға дайындағаны үшін айыпталған.


Қылмыскерлер Латиф Хамиди көшесінің бойында орналасқан Ивер-Серафим монастыры мен Мәншүк Мәметова көшесіндегі "АТФ Банкке" өздері жасаған жарылғыш құрылғыны қолданып, шабуылдамақ болған.


Сот үкімі бойынша қылмыскерлерге 12 мен 18 жыл аралығында бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Олардың барлығы жазасын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінде өтейді.


Негізгі жазаны өтегеннен кейін сотталғандар Қазақстан Республикасынан мәжбүрлі түрде шеттетіліп, республика аумағына бес жылға кіруге тыйым салынады.


Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.




Көрілген: 745    Пікірлер: 0

жұма, 13.09.2019, 20:31

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31