Қылмыс

Талдықорғанда баланың мәйіті табылды деп жалған ақпарат таратқандар ұсталды

  • © almaty.tv

    © almaty.tv

Талдықорған қаласының екі тұрғыны оқушының өлімі және балалардың ұрлануы туралы жалған ақпарат таратты деген күдікке ілініп, ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Мамыр айының алғашқы күндері WhatsApp мессенджері арқылы белгісіз біреулердің Талдықорған қаласының маңындағы көпірлердің бірінің астынан қинап өлтіру белгілері бар баланың мәйіті табылғанын, сондықтан балаларға абай болуға шақырған дауыстық хабарламалары таратылды.


Бұл ақпарат Талдықорған қаласы мен облыс орталығына жақын орналасқан аудандарда тез тарап, ел арасында толқу тудырды. Өз кезегінде, полицейлер кең көлемде тексеру жұмыстарын ұйымдастырып, ақпараттың жалған екенін көз жеткізіп, оны жоққа шығарды.


"Талдықорған қаласы маңындағы көпірлер Көксу және Ескелді аудандарында орналасқан. Оларды полицейлер жіті тексерді. Нәтижесінде, облыстық полицейлер халықты тыныштандыру мақсатында таралған ақпаратты жоққа шығарды. Жалған ақпарат тарату дерегі Көксу ауданының полициясында ресми тіркеліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес тексеру жұмыстары басталды", - деді Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілдері.


Жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында облыстық Криминалды полиция қызметкерлері 50 астам адам арасында сұрақ жүргізіп, WhatsApp желісіндегі он шақты топ өкілдерінен сұрастырып, нәтижесінде 33 жастағы ер азамат пен 52 жастағы әйел адамды күдікті ретінде ұстады. Күдіктілер полиция бөлімшесіне жеткізілді.


"Екі күдікті де - Талдықорған қаласының тұрғындары, дегенмен бір-бірімен таныс емес. Әйел адам қаланың базарларының бірінде саудамен айналысса, күдікті азамат жеке көлігімен кісі тасымалдайды. Тергеу кезінде екі күдікті де өз таныстары мен достары арасында таратқан ақпараттың жалған екенін мойындады. Күдіктілер азаматтардан кешірім сұрады", - деп атап өтті тәртіп сақшылары.


Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. Іс Көксу ауданы полициясының өндірісінде. Күдіктілер мекенжайын өзгертпеу туралы міндеттемемен босатылды.


Полицейлер нақтыланбаған және жалған ақпаратты тарату қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын және ресми ақпарат көздері таратқан ақпараттарды ғана басшылыққа алу қажет екенін ескертеді.


 




Көрілген: 688    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.05.2019, 17:50

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31