Қылмыс

Талдықорғанда офицерді өлтіру ісі: марқұмның әріптесі ұсталды

  • © facebook.com/police7su

    © facebook.com/police7su

Талдықорғанда офицерді өлтірді деген күдікпен марқұмның әріптесі ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Ведомство мәліметінше, ұсталған адам Талдықорған қаласының 38 жастағы тұрғыны. Күдікті де марқұм қызмет еткен әскери бөлімшеде әскери қызметкер болып жұмыс істейді екен. Ол аса ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінді.

 

"Тергеу барысында бірнеше болжам ұсынылды, олардың әрқайсы мұқият тексерілді. Көп жұмыс атқарылды. Жәбірленушіге қандай да бір қатысы бар барлық адамнан жауап алынды. Бірқатар тағайындалған сараптаманың нәтижелері алынды, олардың ішінде сот-медициналық, баллистикалық, портреттік және тағы басқалары бар. Нәтижесінде ұсынылған болжамдардың бірі расталды, полиция қызметкерлері адам өлтіруге негізделген күдіктінің жеке басын анықтады. Жәбірленушімен қызметтес болған күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді Талдықорған қаласының полиция басшысы Асқар Нұрсапа.

 

Айта кетейік, кісі өлтіру дерегі былтыр 24 желтоқсанда кешкі уақытта Қаратал ықшамауданында тіркелген. Полицияға ер адамның мәйіті табылғаны хабарланған. Оқиға орнына жеткен полицейлер ер адамның басынан оқ тигенін анықтаған. 36 жастағы ер адам Талдықорғанға жақын маңда орналасқан әскери бөлімдердің бірінде қызмет еткен.

 

16-калибрлі мылтық (кесілген түрі) Қаратал өзенінің түбінен табылды. Қару тәркіленді және іс материалдарына заттай айғақ ретінде тапсырылды.

 




Көрілген: 368    Пікірлер: 0

сейсенбі, 04.02.2020, 11:40

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30