Қылмыс

Талдықорғанда өгей әке аяусыз ұрған 8 жасар бала жансақтау бөліміне түсті

  • https://murmansk.bezformata.com/

    https://murmansk.bezformata.com/

Талдықорғанда 8 жастағы баланың өгей әкесі оны аясыз ұрып тастаған. Бала жансақтау бөліміне түсіп, комадан шықпапты.

 

Бұл туралы "Балалар қорғауда" жекеменшік қорының жетекшісі Жанна Ахметова Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді. Жазуынша, баланы соққыға жыққан кезде анасы үйде болған.

 

"2012 жылы туған бала Ш.К. 19.04.20 сағат 00.36-да өте ауыр жағдайда жедел жәрдемге түсті. Анамнезден анасымен бірге тұрған азаматтың ұрғанын анықтады. Жағдайы өте ауыр, 2-ші дәрежелі кома, ӨЖЖ тыныс алу аппаратына қосылды, таңертең миын КТ-ға түсірді. Диагнозы - мидың ауыр дәрежеде зақымдануы, субарахноидальді қан кету. Кеуде және құрсақ қуысы органдарының зақымдануы. Травматикалық шок. Қарқынды терапия жүргізілді. Бүгінде бала өз бетінше дем алады, есін жиған, сөйлейді. Гемодинамика тұрақты. Ем жалғасады", - деп жазды Жанна Ахметова.

 

Оның ақпараты бойынша, полицияны көршілері шақырған.

 

"Біз барлық қызметтермен байланыстамыз. Бұл әңгімеде ақ дақтар көп. Біз түсінеміз. Балаға кіргізбейді, карантин", - деп қорытындылады "Балалар қорғауда" жекеменшік қорының жетекшісі.

 

ktk.kz

 




Көрілген: 343    Пікірлер: 0

бейсенбі, 23.04.2020, 11:08

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31