Қылмыс

Талдықорғанда вокзалға бұзақыны ұстауға барған полицей пышақ жарақатын алды (видео)

  • © Sputnik / Владислав Воднев

    © Sputnik / Владислав Воднев

Талдықорғанда учаскелік полиция инспекторы бұзақыны ұстау кезінде пышақ жарақатын алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

 

Оқиға 3 мамыр күні болды. Әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген видео тарады. Кадрдан "мигалкасы" жанған бірнеше полиция көлігі көрінеді.

 

 

Белгілі болғандай, бұл – Абай-Жансүгіров көшелерінің қиылысында қаруланған ер адамды ұстау операциясы.

 

Алматы облысы ПД ақпаратынша, полицияға әйел хабарласып, белгісіз біреу автовокзал аумағында оны қорқытып жатқанын айтты. Күдікті тәртіп сақшыларын көрген кезде жасырынуға тырысқан. Соңынан қуған полицейлерге ас үй пышағымен қарсылық көрсетті.

 

"Күдікті – Көксу ауданының 23 жастағы тұрғыны. Ұстау кезінде ол қызметкерлердің бірін пышақпен жарақаттады. Қазір қамауда отыр. Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 380-бабы 2-тармағы "Билік өкiлiне қатысты күш қолдану" бойынша қылмыстық өндіріс басталды", - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

 

Ауруханаға түскен учаскелік инспекторға ота жасалғаны анықталды. Дәрігерлердің айтуынша, полицейдің жағдайы – орташа ауыр.

 

 

 

 




Көрілген: 553    Пікірлер: 0

сейсенбі, 04.05.2021, 17:30

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Сәуір, 18:30
    Құдаша үшін қырғын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31