Талдықорғандағы жаппай төбелес: Басына төрт оқ тиген 21 жастағы жігіт аман қалды

27 қазан 2020, 00:27

Талдықорғандағы жаппай төбелестен кейін 21 жастағы жігіт зардап шекті. Дәрігерлер оның басынан төрт оқты алып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz басылымына сілтеп.

 

Талдықорған қаласы ПБ Шығыс ҚПБ кезекші бөліміне бассейн ауданында төбелес шыққандығы туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына жеткен полиция жасағы жастар арасында төбелес орын алғанын анықтады.

 

Басына оқ тиген 21 жастағы жергілікті тұрғын ауруханаға жеткізілген. Аталған дерек бұзақылық бабы бойынша тіркелді. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде оқ атқан күдіктіні бір сағат ішінде анықтап, ұстады.

 

Талдықорған қаласының 18 жастағы  тұрғынынан тәртіп сақшылары пневматикалық тапанша тәркіледі. Ол кінәсін толық мойындады. Ұсталған адам оқты бұзақылық ниетпен атқанын және оған қатты өкінетінін жеткізді.

 

Облыстық ауруханада дәрігерлер жәбірленушінің басынан төрт оқ алған. Сот-медициналық және басқа да қажетті сараптамалар тағайындалды.