Қылмыс

Талғарда 13 жасар қызын азаптап өлтірген өгей әке Алматыдан ұсталды

  • Талғарда 13 жасар қызын азаптап өлтірген өгей әке Алматыдан ұсталды

    Талғарда 13 жасар қызын азаптап өлтірген өгей әке Алматыдан ұсталды

Алматы облысында 13 жасар өгей қызын өлтірді деп күдікке ілінген 47 жастағы тұрғын ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті таратқан мәліметке сенсек, 23 шілдеде Талғар қаласындағы жеке үйлердің бірінен 13 жасар қыздың мүрдесі табылған. Марқұмның денесінде азаптау белгілері бар. Бұл факт Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлімі бойынша тіркелді. Оқиға орнына келген жедел тергеу тобы қыздың 47 жастағы өгей әкесінің осы аса ауыр қылмысқа қатысы бар екенін анықтады.

Кейін анықталғандай, бұл ер адам қыздың анасымен азаматтық некеде тұрған. Жедел іздеу шарасы кезінде оқиға орнынан қашып кеткен күдікті Алматы қаласында қолға түсті.

Қазіргі таңда ұсталған адам уақытша изоляторға қамалған. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес, полиция тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпаратты жариялай алмайды.

Полицияның мәліметіне сенсек, елімізде балаларға қатысты қылмыстың 70 пайызын оның өз айналасындағы жақын адамдар жасайды. Бұл - олардың әкесі, өгей әкесі, анасымен бірге тұратын ер адамдар, туыстар, көршілер, таныстар.




Көрілген: 593    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 26.07.2021, 01:02

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30