Қылмыс

Талғарда сауна-притон анықталды (видео)

  • https://polisia.kz/

    https://polisia.kz/

Талғар ауданы Бесағаш ауылындағы сауналардың бірі келушілерге интим қызмет ұсынған, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

 

Әйел қонақ үй қызметтерін ұсыну саласындағы заңды қызметінің сылтауымен жезөкшелікпен айналысуға арналған притон ұйымдастырып, ұстаған.

 

Аталған дерек 11 қыркүйекте Алматы облысы аумағында “STOP трафик” жедел-алдын алу іс-шарасы барысында анықталды.

 

ВИДЕО:  www.youtube.com/watch

 

– “STOP трафик” операциясының кезекті кезеңі адам саудасы, заңсыз бас бостандығынан айыру, жезөкшелікпен айналысуға тарту, притондар мен жеңгетайлық ұйымдастыру деректерінің алдын алу және анықтау мақсатында өткізілді. Іс-шара барысында Бесағаш кентіндегі сауналарының бірінде қыздарды интимдік қызмет көрсету үшін ұсынған әкімші ұсталды. Аталған дерек ҚР ҚК 309-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Барлық фигуранттар ұсталды. Мекеме әкімшісіне қатысты тергеу әрекеттерінің кешені жүргізілетән болады, – деп хабарлады Алматы облысы ПД Криминалдық полиция басқармасы бастығы Асхат Данияр.

 

Полицияның мәліметіне сәйкес, 10-12 қыркүйек аралығында, яғни екі күн ішінде жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастырғаны немесе ұстағаны және жеңгетайлық жасағаны үшін үш қылмыстық іс қозғалған.

 

Сонымен қатар, жедел уәкілдер жезөкшелікпен айналысу үшін үй-жай берудің екі дергін анықтап, екі қонақ үй мекемесінің әкімшілеріне қатысты әкімшілік іс қозғалды, сондай-ақ қоғамдық орындарда тиісудің екі дерегінің жолын кесті және т.б.

 




Көрілген: 274    Пікірлер: 0

жексенбі, 13.09.2020, 01:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31