Қылмыс

Талғарлық тұрғындар әйел кісіні зорламақ болған күдіктіні ұстауға көмектесті

  • © Kurgan.ru

    © Kurgan.ru

Алматы облысында жергілікті тұрғындар жас әйелге зорлық көрсетуге оқталған күдіктіні ұстауда полицияға көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Оқиға Талғар қаласында 3 шілдеге қараған түні қала көшелерінің бірінде болған. Белгісіз адам 30 жастағы әйелге күш көрсетіп, зорламақшы болған. Жақын маңнан өтіп бара жатқан адамдар әйелдің айқайлаған дауысын естіп, оқиға орнына полиция шақырған. Із суытпақ болған күдіктіні ұстауға көмектескен.


«Қолға түскен 44 жастағы азамат қала іші мен қала маңындағы елді мекендер арасында жолаушы тасымалдаумен айналысқан такси жүргізушісі болып шықты. Қазір зорлық көрсетуге оқталу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Талғар ауданының полицейлері сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде» - деп мәлімдеді Алматы облысы ПД баспасөз қызметінен.


Ведомствоның ақпаратына сәйкес, сол түні Талғар ауданында осыған ұқсас тағы бір оқиға орын алып, белгісіз біреу 19 жастағы қызға шабуыл жасаған. Қыздың қатты айқайы мен тегеурінді қарсылығы күдіктінің арам ойын іске асыруға кедергі келтірген.


Жедел іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары оны анықтап, 1991 жылғы көрші ауылдың тұрғынын полиция басқармасына жеткізді.


«Күдіктінің жергілікті психо-наркологиялық диспансерде тіркеуде тұрғаны белгілі болды. Ұсталған азамат медициналық мекемеге орналастырылды. Бұл факті бойынша да сотқа дейінгі тергеу басталды»,- деп толықтырды полиция өкілдері.


Ұсталған екі азамат та бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған.


Дегенмен, Талғар ауданының полициясы олардың жақын аудандарда орын алған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы барын анықтайтын болады.


 




Көрілген: 544    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.07.2019, 13:19

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30