Қылмыс

"Тальго" жолаушысын зорлаған жолсеріктердің жазасы қатаңдатылды

  • © Tengrinews.kz

    © Tengrinews.kz

Қостанайда "Тальго" пойызында болған зорлау ісі бойынша сотталушыларға үкім шықты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Қостанай қаласының № 2 сотының үкімімен Жетес Үмбеталиев пен Қолқанат Құрманиязов ҚР ҚК-нің 120-бабында көрсетілген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот олардың әрқайсын бес жылға бас бостандығынан айырды. Соталушылар жазасын орташа қауіпсіз мекемеде өтейді.

Жаза 2019 жылдың 26 шілдесінен бастап күшіне енеді.

Бұған дейін 19 шілдеде жолсеріктер 2,5 және 2,3 жылға бас бостандығынан айырылған болатын, алайда екінші тарап үкімге наразы болып, Қостанай облыстық сотына апелляциялық шағым түсірген. Онда бірінші инстанция сотының шешімі жойылды және іс тергеуге жіберілген.

Еске салсақ, тергеу материалдарына сәйкес, оқиға 2018 жылдың 26 қыркүйегінде болған. Әйел астанада болған ғылыми конференциядан үйіне Ақтөбеге "Тальго" пойызымен қайтып бара жатқан. Оның айтуынша, түнгі уақытта купенің есігін өз кілтімен ашқан жолсеріктер кезекпен оны зорлаған.

Жолсеріктер өз кінәсін мойындамады.

 




Көрілген: 770    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 25.12.2019, 18:17

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29