Қылмыс

Тапанша, оқ-дәрі және бір бума ақша: Алматы орталығында мұздай қаруланған ер адам ұсталды

  • © Foto : Алматы ПД баспасөз қызметінен

    © Foto : Алматы ПД баспасөз қызметінен

Алматы полициясы қаланың орталығында жедел қызметтердің арнайы сигналдары орнатылған Toyota Camry 70 көлігін тоқтатып, жүк салғыштан травматикалық қару, оқ-дәрі және бір бума жалған ақша тапты, деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Көлікті тоқтатқан кезде жүргізуші асып-сасып, құжаттарын көрсетудің орнына, қайта-қайта біреуге телефон соғыпты.


Тексеруді әрі қарай жалғастырған полицейлер ер адамның жүргізуші куәлігі жоқ екенін, ал көлік мүлдем басқа адамға тиесілі екенін анықтайды. Toyota Camry 70 көлігін бұдан бұрын тіркеуден шығарып, басқа машинаның нөмірін тағып қойған.


"Көлікке арнайы қызметтер пайдаланатын дыбыс және жарық сигналдары орнатылған", - деп мәлімет берді құқық қорғау органдары.


Ал жүк салғышты тінткен кезде Baikal травматикалық тапаншасы мен бір қорап оқ-дәрі, басқа көліктерге тиесілі екі нөмір, рация және бір бума 100 долларлық жалған ақша табылды.


"Заттардың кімге тиесілі екенін, қайдан алғанын жүргізуші түсіндіре алмады. Көліктің өзінікі емес екенін ғана айтты. Оқиға орнына келген Toyota Camry 70 көлігінің заңды иесі де табылған заттарға қатысым жоқ дейді", - деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Полиция әрбір құқық бұзшылыққа қатысты әкімшілік хаттама толтырды. Сонымен бірге, травматикалық тапаншамен қаруланған адамның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Toyota көлігі айып тұрағына қойылған.


Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полицейлер екі азаматты да Медеу аудандық полиция басқармасына жеткізді.





Sputnik




Көрілген: 482    Пікірлер: 0

бейсенбі, 28.03.2019, 14:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30