Қылмыс

Тапаншамен қорқытып, байлап тастаған: Теміртауда адам өліміне қатысы бар қылмыстық топ анықталды

  • Тапаншамен қорқытып, байлап тастаған: Теміртауда адам өліміне қатысы бар қылмыстық топ анықталды

    Тапаншамен қорқытып, байлап тастаған: Теміртауда адам өліміне қатысы бар қылмыстық топ анықталды

Қарағандыда полиция қарақшылық пен кісі өлтірді деген күдіктілерді құрықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

20 қарашада 32 жастағы қала тұрғыны Қарағанды ​​облысы, Теміртау қаласы полиция бөлімінің кезекші бөліміне арыз берді. Ол Момышұлы көшесіндегі үйдің ауласында белгісіз екі ер адам тапаншамен қорқытып, оның пәтеріне кіргенін айтты. Содан кейін, байлап, оған және 50 жастағы әйелге дене жарақатын тигізді, ол алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды. Қылмыскерлер жәбірленушілердің ақшасы мен мүлкін иемденіп алған.

 
Бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі "Адам өлтіру" және ҚР ҚК-нің 192-бабы 3-бөлігі "Қарақшылық" бабы қозғалды.

Кешенді жедел-тергеу шаралары барысында полиция қызметкерлері төрт күдіктіні анықтады.

"26 және 28 қарашада арнайы операцияның нәтижесінде Нұр-Сұлтан мен Жезқазғандағы криминалдық полиция қызметкерлері төрт күдіктіні ұстады. Олар Жезқазған, Сәтбаев және Нұр-Сұлтанның 25, 29, 34 және 39 жастағы тұрғындары болып шықты. Полиция күдіктілерден түрлі маркалы қару-жарақ пен патрондарды тәркіледі. Қазіргі уақытта ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Шабуыл жасаушылардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр", - деді Қарағанды ​​облысы ДП бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.




Көрілген: 494    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 30.11.2020, 02:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31