Тараз қалалық сотының төрағасына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
Оған 1 млн теңге пара алды деген айып тағылып отыр.
"Биыл 16 мамырда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Тараз қалалық сотының төрағасы А. Мадемаровқа қатысты азаматтық іс бойынша оң шешім қабылдағаны үшін 1 млн теңге пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады", - делінген Антикор хабарламасында.
ҚПК 201-бабы тәртібінде өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.