Қылмыс

Тараз тұрғыны арзан тұрмыстық техника сатамын деп жұрты алдаған

  • Тараз тұрғыны арзан тұрмыстық техника сатамын деп жұрты алдаған

    Тараз тұрғыны арзан тұрмыстық техника сатамын деп жұрты алдаған

Тараз қаласында жарнама сайты арқылы тұрғындардың ақшасын иемденіп кеткен алаяқ анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тараз қаласында полиция 23 жастағы қала тұрғынын алаяқтықтың алты дерегі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартты.

Алаяқтың құрбандары жарнама сайты арқылы тұрмыстық техника сатып алмақ болған жергілікті тұрғындар.

«Алаяқ жалған мәліметпен OLX сайтында жарнама парақшасын ашып, онда тұрмыстық техниканы арзан бағамен сатпақ болған. Осылайша қарапайым азаматтардың сенімін пайдаланып, оларды алдау арқылы «Kaspi gold» мобильді қосымшасымен ақшаны аударуға мәжбүр еткен, содан кейін телефонын өшіріп, байланысқа шықпаған»,-делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Тергеушілер 23 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бұл оқиға Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағы бойынша бірнеше рет жасалған алаяқтық ретінде сараланды. Аталмыш бап күдіктінің мүлкін тәркілей отырып, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.




Көрілген: 533    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 19.05.2021, 08:27

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Шілде, 19:26
    Анасын ұрып өлтірді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31