Қылмыс

Тараз тұрғыны бір жылдай жүргізуші куәлігінсіз автобус жүргізіп келген

  • Тараз тұрғыны бір жылдай жүргізуші куәлігінсіз автобус жүргізіп келген

    Тараз тұрғыны бір жылдай жүргізуші куәлігінсіз автобус жүргізіп келген

25 жастағы жүргізуші «Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында ұсталған.


Жамбыл облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Тараз тұрғыны 2018 жылдың соңында қарсы қозғалыс жолағына шығып, жол ережесін бұзғаны үшін көлік жүргізу құқығынан айырылған. Алайда соған қарамастан қоғамдық көлік тізгіндеп келген. Бұл туралы жұмыс беруші хабарсыз болған.


"Жүргізуші куәлігінсіз жүрген азаматтың күнделікті тасымал барысында сыртқы жарығы жоқ көлікті басқарып жүргендігі белгілі болды. Оның осыған дейін жол ережесін бұзғаны үшін сегіз рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Бұл жүргізушіге қатысты екі хаттама толтырылды. Ол бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне орай 3 айлық және 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Оның басқаруындағы қоғамдық көлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды», - деді Тараз қалалық ІІБ патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары, полиция капитаны Нұржан Керебаев.


Бұдан өзге жол-техникалық инспекция бөлімінің мамандары осы маршруттық автобустың техникалық жағдайы мен пайдаланылуына, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерін орындамағаны үшін жауапты жеке кәсіпкер де әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


elitar.kz




Көрілген: 411    Пікірлер: 0

бейсенбі, 17.10.2019, 15:38

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30