Оқиға 1 тамыз таңертең ЖД 158/7 түзеу мекемесінде болған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
Мессенджерлер арқылы тараған ақпаратқа сенсек, төтенше қауіпсіз режимдегі түзеу мекемесінің 3 қызметкеріне таңертеңгі тексеру кезінде сотталушылардың бірі шабуыл жасаған.
Сапта тұрған жазасын өтеушілер арасынан жүгіріп шыққан ол тексерушілерге ағаш өңдеуге арналған құралдың көмегімен түрлі дене жарақатын салған көрінеді.
Әзірге қызметкерлердің жағдайы жайлы ешқандай ақпарат жоқ.
Бұл оқиға бойынша тексеру жұмыстары басталғанға ұқсайды.