Қылмыс

Таразда бірнеше қызды тұзағына түсірген интернет алаяғы ұсталды

  • Таразда  бірнеше қызды тұзағына түсірген интернет алаяғы  ұсталды

    Таразда бірнеше қызды тұзағына түсірген интернет алаяғы ұсталды

Жамбыл облысы полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері төтенше жағдай кезінде бірнеше адамды өз арбауына түсірген интернет алаяғын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

37 жастағы ер адам әлеуметтік желі арқылы атын өзгертіп, қыздармен танысып отырған. Ол қыздардың сеніміне әбден кіріп алып, әрқайсысынан еңбекақысын аударатын төлем карточкаларын пайдалануға рұқсат алады. Сенім білдірген қыздар өз деректемелерін ұсынуға келіседі. Сол арқылы ол қыздардың атына несие ресімдеп, ақшаны өз қалтасына салып отырған.

«Интенет-алаяқ өзінің әккі әрекетімен бес қызды «тұзағына» түсірген. Жалпы шығын сомасы 1 069 000 теңгені құрады. Күдікті өз кінәсін мойындады. Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлігінің 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды»,-делінген ведомство хабарламасында.

Жамбыл облысының полиция департаменті тұрғындарды коронавирусқа байланысты енгізілген шектеу шаралары жағдайындағы алаяқтық қаупі туралы ескертіп, сақ болуға және әлеуметтік желілердегі ұсыныстар мен қызметтерге сенбеуге шақырады.




Көрілген: 467    Пікірлер: 0

жексенбі, 19.04.2020, 13:52

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31