Қылмыс

Таразда 29 жастағы жігіттің өліміне қатысты күдікті ұсталды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Таразда аса ауыр қылмыс жасаған қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


«26 шілде күні таңғы сағат 02.10 шамасында Тараз қаласының №1 қалалық ауруханасына 29 жастағы ер адам түсіп, алған пышақ жарақатынан қайтыс болды. Белгілі болғандай, жанжал туындаған кезде бейтаныс адам жәбірленушінің кеудесіне пышақ салған. Тараз қалалық полиция басқармасының № 2 полиция бөлімінің қызметкерлері күдікті ретінде Тараз қаласының 34 жастағы тұрғынын ұстады»,-делінген ведомство хабарламасында.

 

Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Темірбек Оразымбетовтың айтуынша, қолға түскен күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.

 

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

 




Көрілген: 385    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 05.08.2020, 14:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30