Қылмыс

Таразда біреудің сәбиін ұрлап, сатпақ болған келіншекке сот үкімі шықты

  • Таразда біреудің сәбиін ұрлап, сатпақ болған келіншекке сот үкімі шықты

    Таразда біреудің сәбиін ұрлап, сатпақ болған келіншекке сот үкімі шықты

Таразда өзгенің сәбиін ұрлап сатпақ болған келіншек бас бостандығынан айырылды. 22 жастағы жергілікті тұрғын жеті жылға сотталған. Бұл даулы процесс жабық жағдайда қаралды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Судья Ербол Дүйсенбаевның сөзінше, сотталушы Жапанаваның кінәсі толық дәлелденген.

"Сот отырысында сұралған куәлердің, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде перинаталдық орталықтан алынған видеомен, куәлердің, полиция қызметкерлерінің анықтағанымен, өзге де қылмыстық жиынтығымен толық дәлелін тапты", - дейді Ербол Дүйсенбаев.
Сотталушы кінәсін толық мойындаған. Ал жаза кесуде оның үш баласы бары ескеріліпті. Перзенттерінің үлкені – үште, кенжесі – бес айлық.

Еске салсақ, 22 жастағы келіншек шілде айында облыстық перинаталдық орталықтан жаңа туған шақалақты ұрлап шығып, сатпақ болады. Алайда оның ойлағаны жүзеге аспай, сәбиді перзентхана маңындағы қонақ үйде асырап алушыға беру сәтінде ұсталды.

Белгілі болғаны, сотталушы бала асырап алушы ерлі-зайыптыға төрт ай бұрын бүлдіршін тауып беруге уәде еткен. Бірақ саудаланатын сәби жетім деп айтылған. Сөйтіп клиенттің осыншама уақыт ішінде 800 мың теңгесін алып қойған. Ал межелі мерзімде тығырыққа тірелген келіншек екі апта бұрын өзі босанған перезенханадан біреудің баласын ұрлап шыққан.

Осы оқиғадан кейін, ісіне немқұрайлы қараған орталықтың төрт қызметкері жұмыстан босатылған еді.

Ал асырап алушылар қылмыс құрамының болмауына байланысты жауапқа тартылмады.

Жеті жыл, үш айға түрмеге жабылған келіншек бұған дейін де істі болған.




Көрілген: 371    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 04.12.2019, 23:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31