Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Таразда гараждың артынан қару-жарақ қоймасы табылды

14 маусым 2022, 00:28

Полицейлер жедел іздестіру шаралары кезінде Тараз көшелерінің бірінде гараждың артынан қару-жарақ қоймасын тапты.

Жамбыл облысы полиция департаментінің мәліметінше, 8 патроны бар "ПМ" тапаншасы, револьвер, 12 калибрлі "ИЖ" маркалы тегіс ұңғылы мылтық, "LSG-80" жарық-шу гранатасы, 5,45 мм калибрлі патрондары бар металл жәшік (барлығы 2016 дана) тәркіленді. Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.

Сондай-ақ, полицейлер тағы бір қару-жарақ арсеналын анықтаған. Атап айтқанда, ТТ тапаншасы, иір ойықты қару, тегіс ұңғылы қару, жарық-шу гранатасы, дыбыс -шу гранатасы, 12 калибрлі 5 патрон, 9 мм ПМ-нің 36 патроны, 5,45 мм калибрлі 19 патрон, ТТ-нің 7,62 калибрлі 3 патроны, 1 бронжилет тәркіленді.
Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілер мен арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салды. Анонимділікке кепілдік беріледі.

Бұған дейін ІІМ жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қару-жарақ дүкендері мен құқық қорғау органдарының әкімшілік ғимаратынан 2 900-ден астам қару, сондай-ақ 63 180 оқ-дәрі ұрланғанын хабарлады. Министрлік ұрланған қарудың көбі әлі де қылмыскерлердің қолында екенін айтқан болатын.

sputnik.kz