Қылмыс

Таразда жер алып берем деген желеумен тұрғындардың 11 млн теңгесін алған алаяқтар ұсталды

  • Таразда жер алып берем деген желеумен тұрғындардың 11 млн теңгесін алған алаяқтар ұсталды

    Таразда жер алып берем деген желеумен тұрғындардың 11 млн теңгесін алған алаяқтар ұсталды

Тараздық полицейлер топтасып жұмыс жасайтын алаяқтарды құрықтады,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тараз қаласының Полиция басқармасы 1-ші полиция бөлімінің кезекші бөліміне жергілікті бес тұрғын орын алған алаяқтық дерегі бойынша шағыммен жүгінген.

Барлық жәбірленушілер бейтаныс адамдардың өздерінің сенімдеріне кіріп, оларға жер учаскелерін төмен бағамен сатып алуға көмектесуге уәде бергенін жеткізген. Алаяқтар олардың ақшаларын алдау жолымен иемденген десек, жалпы материалдық шығын көлемі он бір миллионнан асады.

«Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Тараз қаласының Полиция басқармасы 2-полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері аталған алаяқтық дерегін жасады деген күдікпен 46 жастағы әйел мен 24 жастағы жігітті анықтап, ұстады.

Күдіктілердің екеуі де жасаған қылмыстарын мойындады»,-делінген облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында. Күдіктілерге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сондай-ақ, ұсталған күдіктілердің басқа да осындай ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.




Көрілген: 342    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 29.03.2021, 08:11

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Сәуір, 18:30
    Құдаша үшін қырғын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31