Қылмыс

Таразда «мобильдік банкинг» қосымшасы арқылы бөтеннің ақшасын ұрлаған алматылық ұсталды

  • © Freelance.ru

    © Freelance.ru

Таразда «Hi-tech» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында алматылық азамат бөтеннің ақшасын жасырын түрде өз шотына аударған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Аталмыш іс-шара барысында Жамбыл облысы Полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Алматы облысының тұрғынын анықтап, ұстады.


Ол Тараз қаласындағы көлік жуу қызметін пайдалану барысында бөтен адамның ұялы телефонын алып, «мобильдік банкинг» қосымшасы арқылы жасырын түрде телефон иесінің 41 000 теңгесін өз шотына аударған.


«Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабының 2-бөлігі 4-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда ұсталған азаматтың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде», -дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.


 




Көрілген: 356    Пікірлер: 0

жұма, 14.06.2019, 10:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31