Қылмыс

Таразда синтетикалық есірткі сақтаған 26 жастағы қыз ұсталды

  • Таразда синтетикалық есірткі сақтаған 26 жастағы қыз ұсталды

    Таразда синтетикалық есірткі сақтаған 26 жастағы қыз ұсталды

Таразда синтетикалық есірткі сақтаған 26 жастағы азаматша ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 
Бұл туралы Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов “Facebook” парақшасында xабарлады. 

Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 26 жастағы азаматшаны ұстады. Полицейлер оның сөмкесінен ерекше иісі бар жасыл түсті ұнтақ зат салынған түйіншек тауып, тәркіледі. Сараптама қорытындысына сәйкес, анықталған зат – жалпы салмағы төрт грамм “Alfa-PVP” синтетикалық есірткісі болып шықты.

“Alfa-PVP” синтетикалық есірткі заты жүйке жүйесіне өте қауіпті психобелсенді әсерін тигізеді, ағзаны бүлдіріп, тез тәуелділікке алып келеді. 

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл бапқа сәйкес үш жылдан жеті жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.




Көрілген: 576    Пікірлер: 0

сейсенбі, 27.04.2021, 14:02

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30