Қылмыс

Тараздағы жасөспірімдер арасындағы атыс: Оқиғаға қатысты тың деректер шықты

  • Тараздағы жасөспірімдер арасындағы атыс: Оқиғаға қатысты тың деректер шықты

    Тараздағы жасөспірімдер арасындағы атыс: Оқиғаға қатысты тың деректер шықты

Тараздағы мектеп оқушылары арасындағы атыстан зардап шеккендер бірнеше күннен соң ауруханадан шығарылады. Дәрігерлер олардың өміріне төнген қауіп жоқ екенін жеткізді. Ал құзырлы орын мен білім бөлімі болған жағдайды бес күн бойы жасырған. Әлі күнге тұшымды ақпарат беруден тартынып отыр деп хабарлайды КТК телеарнасы

Телеарна мәліметінше, жасөспірімдер арасындағы жанжалға не себеп болғаны әлі белгісіз.

Оқиға өткен аптада Шөлдала ауылында болған. Бір топ азамат осы елдімекеннің жасөспірімдеріне оқ жаудырған. Алайда бұл дерек жасырын ұсталған. Жаппай тәртіпсіздікке қанша адамның қатысқаны да белгісіз. Ал жарақат алғандардың саны үшеу. Оның біреуі – колледж студенті, екеуі 11 сынып оқушылары. Денесі бытыраға тұнып қалған жәбірленушілер ауруханада жатыр. 

"Ауруханаға жатқан уақытта олардың жағдайы орташа ауыр деп есептелді. Бытыраның көптігіне байланысты ота жасалды. Балалардың өміріне қауіп төнетіндей, бытыралардың қан тамыры маңына орналасу қауіпі жоқ. Қазіргі таңда жағдайы тұрақты", - деді Жамбыл облысы көпбейінді балалар ауруханасының бас дәрігері Азат Сәтжанов.

Оның сөзінше, ем қабылдап жатқан екеуі енді екі күнде үйіне жіберіледі.

Ал Шөлдаланың тұрғындары бұл оқиғадан әбден шошып, балаларын көшеге шығаруға қорқып отыр.

Оқыс жағдайдан кейін мектеп директоры мен оның орынбасарына қатаң сөгіс берілген. Ал жағдайға қатысты түсініктеме беруден қашқақтаған білім бөлімінің басшысы қару қолданған қарсы тарап қай мектептің оқушылары екені туралы ақпарат берген жоқ.

"Бұл жерде тағы да қайталап өтемін. Бұнымен тергеу орындары айналысып жатыр, сондықтан арнайы мамандар жауап беруі керек", - деді Тараз қалалсы білім бөлімінің басшысы Саясат Есеев. 

Тәртіп сақшылары аталмыш деректі барынша құпия ұстауға тырысуда. Тек шағын мәлімет таратты.

Ал бейресми мәліметтерге сүйенсек, көрші ауылдың үш машинаға мінген бір топ азаматы Шөлдалаға келіп, №55 мектептің шәкірттеріне оқ жаудырған.

"Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыс істеген күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қылмыстық істің толық мән-жайы қылмыстық процесуалдық кодекстің 201 бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты жариялануға жатпайды", - деді Тараз қаласы №2 полиция басқармасының басшысы Бейбіт Нәлеков.

Айта кетейік, телеарна мәліметінше, өткен жылы да осы ауылда оқушылар арасында жаппай төбелес болған. Ол кезде 16 бала бес жігітке жабылып, біреуін пышақтап өлтірген еді. 

kaz.nur.kz




Көрілген: 1109    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 21.04.2021, 10:52

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Сәуір, 18:30
    Құдаша үшін қырғын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31