Қылмыс

Тараздан келген ұры ұсталды

  • https://www.yaplakal.com/

    https://www.yaplakal.com/

Петропавл қаласының полиция басқармасының қызметкерлері автокөліктен ақша ұрлады деген күдікпен Тараз қаласының 33 жастағы тұрғынын ұстады.

 

Оқиға Жұмабаев көшесіндегі ауланың бірінде болып, полицияға Lexus маркалы жол талғамайтын көліктің бүйір жақ терезесі сынып, салоннан 200 мың теңгеден астам ақша, банк карталары, құжаттар салынған қол сөмке қолды болғаны туралы хабар түскен. Қалалық полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімі қызметкерлері пәтер бойы тексеріп, көрген-білген куәгерлерді іздестірді. Ауладағы көлік қоятын орын камераның шолу аймағына ілікпейді, сондықтан оқиға болған ауданға жақын жердегі камералардағы бейнежазба зерделенді. Осы аудандағы аулалардың бірінен ер адамдар шыққаны, біреуінің қолында ұқсас барсетка болғаны анықталды.

 

Жедел-іздестіру іс-шарасын өткізу нәтижесінде, келесі күні автокөліктерді тонап жүрген күдікті анықталып, ұсталды. Ол жұмысқа орналасу үшін жуырда Петропавлға келген Тараз қаласының бұрын сотталған 33 жастағы тұрғыны болып шықты. Тінту кезінде ұрланған барсетка, құжаттар мен ақшаның бір бөлігі алынды.

 

Автокөліктен ұрлау фактісі ҚК 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдікті Петропавл қаласының ПБ уақытша қамауда ұстау изоляторына қамалды. Оның осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бары тексерілуде.

 

 

 egemen.kz




Көрілген: 253    Пікірлер: 0

сейсенбі, 03.11.2020, 03:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31