Тәртіпсіздік кезінде ғимараттарды өртейтін сұйықтық таратқан әке мен бала ұсталды

18 ақпан 2022, 20:58

 Жамбыл облысындағы жаппай тәртіпсіздік кезінде көшеде жүргендерге тез тұтанатын сұйқтық таратқан азамат ұсталды. Ол 44 жастағы Алматы облысының тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Күдікті орталық көшелердің біріне "Митсубиси" көлігімен тоқтай қалып, баласы екеуі шерушілерге сұйықтық құйылған шөлмектерді таратқан. Бұл  әрекеттері видео айғақпен дәлелденген.

 

Ал тез өртенетін сұйықтық қолдарына тиген бұзақылар оны ғимараттарды өртеуге қолданған. Аталмыш дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған азамат қамауға алынды. Ал, баласы жайында мәлімет айтылмады.