Теміртауда балаларды тонаумен айналысқан ер адам ұсталды

01 мамыр 2022, 15:00

Теміртауда балаларды тонап жүрген ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

19 сәуірде Қарағанды облысының ПД Теміртау қаласының ПБ Шығыс ПБ қала тұрғыны 36 жастағы әйел жүгінді. Жәбірленуші әйел 14 жастағы егіз ұлдарының денсаулық мекемелерінің біріне баратыны хабарлады.

 

Соңғы рет барғандарында белгісіз біреу киім ауыстыратын бөлмеге кіріп, балалардың киіп жүрген киімдері мен, спорт жабдықтарын ұрлап кеткен. Шығын мөлшері 50 мың теңгені құрады.​

 

ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

22 сәуірде жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 31 жастағы күдікті ер адамды анықтап, ұстады. Ол өз кінәсін толық мойындады. Заттай дәлелдемелер алынды.

 

Полицейлер сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктінің ұқсас 3 қылмысқа қатысы бар екенін анықтады. Барлық қылмыс аталған денсаулық мекемесінде жасалған.

 

Сонымен, 6 сәуірде ұры құлпы ашылған киім ауыстыратын бөлмеден 1-сынып оқушысына тиесілі құны 129 мың теңге тұратын ұялы телефонын алып кеткен. Оқушы қыз бұл уақытта жүзу бассейнде жаттығуда болған.