Теміртауда кәмелетке толмаған баланы зорлады деген күдікті соттың ғимаратында асылып қалды

30 мамыр 2022, 20:28

Теміртау қалалық сотында уақытша ұстау изоляторында қамалған күдікті өз-өзіне қол жұмсады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 57 жастағы күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы санкцияланғаннан кейін орын алған.

 

"Ұсталған азамат кәмелетке толмағанға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деген күдікке ілінді. Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-бөлігі "Өзін-өзі өлтіруге апару" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде", - деп хабарлады Қарағанды ​​облысы полиция департаменті.

 

Облыстық соттың баспасөз қызметі күдіктіні сот ғимаратының арнайы бөлмесіндегі камераға шығарып салып, қамауда ұстағанын, ол жерде өз-өзіне қол жұмсағанын хабарлады.

 

Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп, сотталушыны қадағалауы тиіс Теміртау қалалық ІІБ қызметкерлерінің қызметтік міндеттеріне немқұрайлы қарауы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.