Қылмыс

Теміртауда көршісіне оқ атқан тұрғын ұсталды

  • Теміртауда көршісіне оқ атқан тұрғын ұсталды

    Теміртауда көршісіне оқ атқан тұрғын ұсталды

Теміртауда тәртіп сақшылары көршісімен жанжал барысында үйінен мылтық алып шығып, оқ атқан ер адамды құрықтады. Оның оқ атқан сәті видеоға түсіп қалған. Ұсталған азамат кінәсін мойындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

9 мамырда жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Теміртау қаласы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері оқ қаруын қолданып, бұзақылық жасағаны үшін іздестіріліп жатқан 32 жастағы қала тұрғынын ұстады.

 
"Күдікті өз кінәсін мойындады. "Armsan" маркалы тегіс ұңғылы мылтық тәркіленді. Тиісті сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 8 мамыр күні сағат 20:42 шамасында Теміртау қаласында 8 шағын аудандағы аулалардың бірінде кәмелетке толмаған екі бала арасында жанжал болды. Балаларды ажырату үшін үйлерінен әкелері шыққан. Алайда, жағдайды анықтау барысында балалардың бірінің 43 жастағы әкесі 32 жастағы қарсыласын бетінен ұрған. Содан кейін соңғысы үйінен мылтық алып, екі рет ауаға оқ атып, қашып кеткен. Атыс кезінде зардап шеккендер жоқ.




Көрілген: 592    Пікірлер: 0

жексенбі, 09.05.2021, 16:37

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30