Теміртауда төбелесті тоқтатпақ болған бала көз жұмды

25 шілде 2021, 15:53

Теміртауда үй ауласында ойнап жүрген жеткіншектер арасында төбелес шыққан, бір бала жарақат алып, ауруханада жан тапсырды

Теміртау қаласында төбелескен достарын айырмақ болған 12 жастағы бала көз жұмды. Бұл туралы Қарағанды облысы полиция департаменті хабарлады.

Полицияға ақпарат Теміртау қалалық балалар ауруханасынан түсті, деп жазады Polisia.kz.

Дәрігерлер ауруханада 12 жастағы жеткіншек қайтыс болғанын мәлімдеді. Бала медициналық мекемеге қатарластарымен болған төбелестен кейін жеткізілген. Оқиға видеосы Instagram-дағы топтардың бірінде жарияланды.

"Полицейлер анықтағандай, үй ауласында зардап шеккен бала мен 13 жастағы жасөспірім арасында жанжал шыққан. Оның соңы төбелеске ұласып, салдарынан жеткіншек жарақат алды", - деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.

Видеодан көз жұмған бала төбелесіп жатқан қатарластарын айырмақ болғаны көрінеді. Алайда ол басынан соққы алды.

ПД тергеу басқармасының бастығы Рустам Құлкеевтің айтуынша, Қылмыстық кодекстің 104-бабы "Абайсызда қазаға ұшырату" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі таңда бірқатар сараптама тағайындалды.

sputnik.kz