Қылмыс

Теміртаулық бойжеткен жоқ күшіктерді 6 миллион теңгеге сатқан

  • Теміртаулық бойжеткен жоқ күшіктерді 6 миллион теңгеге сатқан

    Теміртаулық бойжеткен жоқ күшіктерді 6 миллион теңгеге сатқан

Теміртауда 20 жастағы қыз әлеуметтік желілер арқылы жоқ күшіктерді сатқан. Осылайша ол сатып алушыларды алты миллион теңгеге алдап кеткен, деп хабарлайды Polisia.kz.

6 сәуірде әйел күшік сатып алу үшін белгісіз қыздың картасына 35 мың теңге аударғанын айтып, полицияға хабарласқан. Ақшаны алғаннан кейін «сатушы» хабарсыз кеткен.

Криминалдық полиция қызметкерлері 20 жастағы қызды ұстады. Оның мамандандырылған сайтта күшік сататыны туралы хабарландырулар жариялағаны анықталды. Ол асыл тұқымды күшіктің суретін жариялап, арзан бағада сататынын көрсеткен. Сол арқылы Желі қолданушыларының қызығушылығын тударған. Сатып алушыны соңғы күшік қалғанына да сендіре білген, - деді полицей.

Тиімді ұсынысты жіберіп алмау үшін адамдар «жалған сатушыға» мобильді қосымша арқылы ақша аударған. Бірақ кейін сатушы хабарсыз кеткен.Полицияның мәліметіне сүйенсек, күдікті осы әдіспен 71 адамды алдаған. Жоқ күшіктер үшін жәбірленушілер оған алты миллион теңге аударғаны анықталды. 

Күдіктіге қатысты 190-баптың 3-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.


BAQ.KZ




Көрілген: 413    Пікірлер: 0

сенбі, 10.04.2021, 01:23

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Сәуір, 18:30
    Құдаша үшін қырғын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31