Қылмыс

Теміртаулық полицейлер көшеде қызды ұрып, сөмкесін тартып алмақ болған адамды ұстады

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Теміртау қаласының тәртіп сақшылары көшеде кетіп бара жатқан қызды ұрып, қолындағы сөмкесін алып қашпақшы болған ер адамды ұстап, қамауға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Бұл оқиға қаланың бақылау камераларының бірінде тіркелген. Бейнеролик бірер күн бұрын Қарағандының танымал пабликтерінің бірінде жарияланған болатын. Әлеуметтік желілерде жарияланған бейнеден белгісіз азаматтың қызға шабуыл жасап, оның сөмкесін жұлып алуға тырысқаны байқалады.

 

«Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полиция қызметкерлері 33 жасар жәбірленушіні анықтап, оның арызы бойынша Теміртау қалалық полиция бөлімі ҚК-нің 24-бабы 3-191-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады (тонау жасау әрекеті). Ағымдағы жылдың 1 ақпанында жүргізілген іс-шаралар мен бейнебақылау камераларын зерттеу барысында осы іс бойынша 40 жастағы қала тұрғыны анықталып, ұсталды. Ол кінәсін мойындады», - деп мәлімеді Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметі.

 




Көрілген: 342    Пікірлер: 0

сейсенбі, 04.02.2020, 08:54

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30