Қылмыс

"Тергеумен келіспейді". Ақтөбеде адам өліміне күдікті изоляторда аштық жариялады

  • Көрнекі фото.  © Sputnik / Табылды Кадырбеков

    Көрнекі фото. © Sputnik / Табылды Кадырбеков

Ақтөбенің тергеу изоляторында отырған 28 жастағы Данияр Кенжалин жеті күннен бері аштық жариялап жатыр. Бұл туралы Азаттыққа Данияр Кенжалиннің шешесі Бақыткүл Боқаева хабарлады.

 

- Балам жалғыз адамдық камерада. Тамақтан ғана емес, қара судан да бас тартты. Изоляторға облыс прокурорының келуін талап етіп жатыр. Өйткені тергеліп жатқан іспен келіспейді, - Боқаева.

 

Шешесінің сөзінше, Кенжалин былтыр 26 қыркүйекте Ақтөбеде болған төбелестен соң Қылмыстық кодекстің "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабымен қамалған. Бірнеше күннен кейін жәбірленуші ауруханада қайтыс болып, Кенжелиннің айыбы ауырлап, іс "Бұзақылық ниетпен адам өлтіру" бабына ауыстырылған.

 

Бес айдан бері изоляторда отырған күдіктінің шешесі "тергеудің шикілігі көп, соның салдарынан нағыз қылмыскер жазадан құтылып кетті" деп санайды.

 

Кенжалиннің адвокаты Әбдісамат Рахмановтың айтуынша, 13 ақпаннан бері ас пен су ішпеген Данияр Кенжалин әлсіреп қалған.

 

- Кенжалинмен осыдан екі күн бұрын жолықтым. "Изолятор қызметкерлері ара-тұра камерама келіп, бақылап кетеді" деді. Ол тергеу барысына наразы. Шынында да, істің олқы тұстары көп, тергеушілердің қолында Кенжалиннің қылмыс жасағанына нақты дәлел жоқ. Қараңғы түнде төбелес болған жерден 15-20 метр жерде тұрған адамның сөзіне сүйеніп, оған ауыр айып тағып отыр. Іс тергеліп бітті. 21 қаңтар күні қолыма тергеудің қаулысы тигеннен кейін қала прокуратурасына, одан кейін облыс прокуратурасына шағымдандым. Прокуратура арызымды қанағаттандырмады, - дейді адвокат Әбдісамат Рахманов.

 

Күдікті Кенжалиннің тергеу изоляторында аштық жариялап жатқанын Ақтөбе облыстық прокуратурасы да растап, істің әлі тергеліп жатқанын мәлімдеді.

 

- Облыс прокуроры Ақтөбе қаласындағы Астана ауданының прокурорына тапсырма берді. Аудан прокуроры тергеу изоляторына барып, Кенжалинмен кездеседі, - деп хабарлады Азаттыққа Ақтөбе облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.

 

Прокуратураның мәліметінше, тергеу Кенжалиннің ісіне қатысты қазір қандай да бір шешім қабылдамаған.

 

Полиция департаменті Азаттықтың Данияр Кенжалиннің ісіне қатысты сауалдарына жауап бермеді.

 

 

 

 

azattyq.org




Көрілген: 528    Пікірлер: 0

сенбі, 20.02.2021, 23:25

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30