Тоғыз жастағы бала алты жасар баланы атып өлтірді

17 тамыз 2023, 21:31

АҚШ-тың Флорида штатында 9 жастағы бала үйдің ішінен тауып алған тапаншамен 6 жасар баланы басынан атқан, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі CNN-ге сілтеме жасап жазды.

Бала дүйсенбі күні ауруханаға жеткізіліп, артынша көп ұзамай қайтыс болған. Оқиғаның қалай болғаны тексеріліп жатыр.

 

Атыс кезінде үйде ересек адам болған, одан жауап алынды. Полиция зорлық-зомбылық белгілері жоқ екенін хабарлады. Әзір ешкімге айып тағылған жоқ.

 

Gun Violence Archive ұйымының мәліметі бойынша, биыл АҚШ-та 17 жасқа дейінгі 1114-тен астам балалар мен жасөспірімдер атыс қаруынан қаза тапты, тағы 3065 бала жарақат алды. Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының дерекқорына сәйкес, 2021 жылы 1 мен 18 жас аралығындағы балалар арасындағы өлімнің шамамен 19%-ы атыс қаруынан болған.

 

2020 жылы АҚШ-та басқа себептерден гөрі оқ жарақатынан қаза тапқан балалар көп. Тіпті оқ тиіп қаза тапқандар саны жол-көлік оқиғасы құрбандарының санынан асып түскен.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz