Қылмыс

Тоңазытқыштағы сәби өлімі: Атыраудың бұрынғы бас дәрігеріне 5 млн теңге айыппұл салынды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Атырауда сот үкімімен облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Мәншүк Аймұрзиеваға 5 миллион теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

«Бүгін №2 Атырау қалалық сотында облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Мәншүк Аймұрзиеваға қатысты қылмыстық істі қарау аяқталды. Ол ҚР Қылмыстық кодексіндегі 371-баптың 2-бөлігі (ауыр салдарға әкеліп соққан салғырттық) бойынша айыпталған еді. Сот оны осы баппен кінәлі деп таныды. Оған 2000 АЕК көлемінде, яғни 5 миллион 302 мың теңге айыппұл салды. Сонымен бірге, ол үш жыл медицина саласында басшылық қызметті атқару құқығынан айырылды» -деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен.

 

Мәншүк Аймұрзиева бұған дейін өткен сот отырысында өзінің кінәсін мойындап, процессуалды келісім жасауға ниет танытқан болатын. Ол 2017-2019 жылдары Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасын басқарды. Ал, былтырғы казанда Атырау облыстық перзентханасындағы тоңазытқышта сәби өлімі тіркелгеннен кейін өз еркімен қызметінен кеткен еді.

 




Көрілген: 331    Пікірлер: 0

жұма, 28.02.2020, 16:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31