Қылмыс

Төтенше жағдайда пайдаға кенелмек болған кәсіпкерлерден 4 млн маска тәркіленді

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев төтенше жағдай кезінде елдегі заңдылық пен тәртіп сақтауды қамтамасыз ету жұмыстары қалай жүргізіліп жатқаны жөнінде баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

«Қазір барлық өңірлерде прокуратура, полиция және мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдерінен құралған мобильді топтар жұмыс істеуде. Олар барлық жерде медициналық маскалар мен антисептиктерді рұқсатсыз, жоғары бағада сату бойынша деректерді анықтаумен айналысып жатыр. Төтенше жағдай жарияланғалы бері Қылмыстық кодекстің 215-бабы бойынша 15 тергеу амалы басталды», - деді министр Хабар 24 арнасындағы онлайн режімдегі баспасөз мәслихатында.

 

Дәурен Абаев мұндай жағдайлар елордада, Алматыда және Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қостанай, БҚО-да анықталған.


«Елордада және Ақтөбе облысында маска мен антисептикті заңсыз сатқан 40 адам әкімшілік жауапқа тартылды. Осы әкімшілік және қылмыстық істер бойынша 4 млн маска мен 13 мың литр антисептик тәркіленді. Олар денсаулық сақтау мекемелеріне беріліп жатыр», - деді ол.

 




Көрілген: 212    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.03.2020, 18:01

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30