Қылмыс

Той жасағалы жатқандарды алдап жүрген алаяқ ұсталды

  • © altaynews.kz

    © altaynews.kz

Өскемен тұрғыны қызын ұзатамын деп, ақшасынан айырылып қалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Қызын ұзатпақ болған ана, өзі дұрыс танымайтын жігіттің құр уәдесіне сеніп, 167 мың теңгені қолына ұстатқан екен. Алаяқ ақшаны мейрамхана жалдау үшін керек деген сылтаумен алып кеткен. Алайда, сөзі тұрмақ өзі де жалған жігіт ұшты күйлі жоқ болып кеткен.


Оқиға сәуір айында болған, бірақ қала тұрғыны тек 15-ші маусым күні шағымданған. Өйткені, алаяқтың жасаған қателігін түсініп келерін күткен.


Полиция қызметкерлері іздеу жұмыстарын жүргізіп, күдіктіні тапты. Оңай ақша тапқысы келген алаяқ, 28 жасар бұрын сотты болған қала тұрғыны болып шықты.


- Аталған факт бойынша 190-шы бабтың 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Алаяқ өзі ұрлаған 167 мыңның орнына 2 млн теңге қайтаруы мүмкін – дейді Өскемен қаласы ІІБ-ның баспасөз қызметі. 




Көрілген: 597    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 19.06.2019, 21:59

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30