Қылмыс

Тірі жылқыны жеңіл көліктің ішіне салып алған ұры ұсталды (видео)

  • © Photo : Pixabay/ cleo1

    © Photo : Pixabay/ cleo1

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері мал ұрлығымен айналысатын 31 жастағы тұрғынды ұстады.

 

Ол жайылымнан ұрланған малды бірден сойып алмай, алдымен оны сатып алатын адам іздеген.

 

Ең қызығы, ол жануарларды жеңіл көлікпен, артқы орындыққа сыйғызып әкетіп отырған.

 

Осындай кезекті ұрлығы кезінде ол полицияның қолына түсті. Полиция көлікті тоқтатқанда салонның артқы орындығына тиелген жылқыны көрді.

 

 

Қызметкерлер күдіктіні де, жылқыны да полиция бөліміне жеткізген.

 

Біраз уақыттан кейін ұрланған жылқының иесі табылды, ол оның жоғалғаны туралы мүлдем білмеген.

 

Тергеу органы оның өзге де мал ұрлығына қатысы барын анықтады.

 

Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Талғат Шаяхметовтың айтуынша, қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып, ұрланған малды сатып алушылар анықталуда.

 

Күдіктінің үстінен Қылмыстық кодекстің 188-1-бабы (мал ұрлығы) бойынша іс қозғалды. Аталған бап бес жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейінгі қылмыстық жазаны көздейді.

 

 

 

sputnik.kz

 




Көрілген: 343    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 13.09.2021, 14:05

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31