Қылмыс

Туған қызы әкесін өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады

  • https://www.gazeta.ru/

    https://www.gazeta.ru/

 Солтүстік Қазақстан тұрғыны отбасылық жанжалдан соң әйелін атып өлтірді, немересін жарақаттап, туған қызын өлтіруге тырысқан. Сот отырысында ол туыстарын өлтіргісі келмегенін, тек қорқытпақ болғанын айтқан. Бірақ оның бұл сөзіне туған балалары сеніп отырған жоқ. Әкелеріне өмір бойына бостандығынан айыруды сұрап отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме беріп.

 

Ольга Глушкованың күйеуімен ажырасамын деген сөзі жанжалдың себебіне айналған. Күйеуі мылтықты ұстап алып, бәрін өлтіруге кіріскен. Ішімдікке сылқия тойған ол алдымен әйелінің басынан, содан кейін кеудесіне оқ атқан. Әйел 13 жасар немересінің көз алдында қайтыс болды. Содан соң аталары немересінің басына мылтық тақаған.

 

“Қаруды қайта оқтап Ю. А. Глушков немересі Шветова К.В. бас аймағына тіреді, “Мен сені жақсы көремін ғой" дегеніне атасы “жақсы көргенсің” деп жауап беріп, оқты атып жіберген.  Немересі басын қолымен жауып үлгерген, алайда есін жоғалтқан”, – дейді Азамат Жүсіпов, СҚО Прокуратурасы басқармасының аға прокуроры.

 

Бұл жасөспірімнің өмірін сақтап қалды, дейді тергеушілер.

 

Немересін өлді деп ойлаған Глушков анасы Викторияға шабуыл жасаған. Алайда әйел далаға шығып қашып құтылған. Тек ұлы ғана ашуланған әкесін тоқтатып, оны күрекпен бірнеше рет ұрып есінен тандырған.

 

Белгілі болғандай, дәрігерлер жеткіншектің өмірін аман алып қалған. Алайда әлі бірнеше ота жасауға тура келеді.

 

“Бет бөлігі мен жарақат алған қолына пластикалық операция қажет. Шветова Кристинаның денесінде, сондай — ақ бас сүйегінде металл қалып қалған, оны алып тастау мүмкін емес және оның салдары қандай болатынын  ешкім болжай алмайды. Сонымен қатар, денеде металдың болуы болашақта жоғары технологиялық медициналық процедуралардан өтуге тосқауыл болады”, – дейді адвокат Төлеген Кашенов.

 

Глушков өзінің кінәлі емес екенін, бұл жай ғана оқиғалардың сәйкестігі дейді. Жақындарын өлтіргісі келмеген, тек қорқытпақ болған.

 

“Қатты алаңдаулымын. Мұны қандай сөздермен жеткізу керектігін білмеймін, бұл өте қиын. Сот шешімі әділ болады деп үміттенемін. Мен жағдайымды жеңілдетуді сұрамаймын”, – дейді ол.

 

Алайда балалары әкелерінің көзінде жеккөрініш сезімі байқалғанын айтады. Олар күдіктінің өкінуіне сенбейді.

 

“Көмек берудің орнына пневматикалық қарумен тағы да оқ аттық. Өлтіргің келмеді дейсің, сонда не істегің келді. Оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау керек, сол жақта отырып қиналсын”, – дейді күдіктінің қызы Виктория Лейман.

 

Прокурор айыпталушыға 25 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Балалары бұл мерзімі аз деп санап отыр, олар әкесін өмір бойына бас бостандығынан ауыру арқылы жазалауды сұрап отыр.

 




Көрілген: 818    Пікірлер: 0

сенбі, 09.10.2021, 15:50

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31