Түлкібас ауданы әкімінің орынбасарына пара алды деген айып тағылды

27 мамыр 2022, 20:10

Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы sputnik.kz тілшісі Антикор-ға сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

"Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары ұсталды. Оған қатысты мемлекеттік сатып алуда артықшылық беру үшін құрылыс компаниясы директорынан 4 миллион теңге сомасында делдал арқылы пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті тұлғалар ұсталып, Түркістан қалалық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

 

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.