Қылмыс

Түн ортасында терезеден кіріп, әйелді зорлап, үйін тонап кеткен

  • ASN (ua)

    ASN (ua)

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында бірнеше мәрте тонап, зорлаған қаскөйге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


41 жастағы Гунар Токенов алты жыл сегіз айға бас бостандығынан айырылды. Оған қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айып тағылды: 188-бабы "Ұрлық", 192-бабы "Қарақшылық", 120-бабы "Зорлау", 121-бабы "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері".


Полицияға бес тұрғыннан арыз түскен. Ер адам үйлерді тонаумен айналысқан. Ол түнгі 3 пен таңғы 5 шамасында пәтерге терезе арқылы кірген. Бетінде маска, қолында пышақ пен қолғап болатын.


Токенов Оксана Пилояннің пәтеріне өткен жылы 35 градус аяз болғанда ұрлыққа түскен.


"Біз ұйықтап жатқанда шуба, ноутбук пен теледидарды ұрлады. Бағалы бұйым мен ақшаны қолды еткен. Біз соттың оны 10-15 жылға бас бостандығына айыруын сұрадық. Алайда судья басқа шешім қабылдады. Ол мерзімінен бұрын бостандыққа шығып, әрекетін қайта бастамайтынына кім кепіл?", - дейді әйел.


Токенов басқа бір әйелдің үйіне ұрлыққа түскенде бағалы заттарды қолды етіп қана қоймай, әйелді зорлап тастаған.


Ол зардап шеккендердің шығынын қайтаруға міндеттелді. Сома 3 мың мен 220 мың теңге аралығында.


Токенов бұған дейін екі рет сотталған.


 




Көрілген: 3216    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.07.2019, 22:36

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31