Қылмыс

"Тұншықтырды": Оралдық полицей қызының көзінше өз әйелін өлімші етіп сабаған

  • "Тұншықтырды": Оралдық полицей қызының көзінше өз әйелін өлімші етіп сабаған

Оралда полиция қызметкерінің әйелі күйеуінің ұрып-соққаны туралы хабарлаған. Аталған шулы іс бойынша қылмыстық және қызметтік тергеу басталған деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соққыға жығылған әйел туралы ақпарат "Немолчи" қорының Facebook желісіндегі парақшасында жарияланды. Ұйым жетекшісі Дина Тәңсәрінің жетекшісінің айтуынша, патрульдік полиция қызметкері алкогольді сусынды асыра пайдаланған.

Ол соңғы рет 2019 жылдың күз мезгілінде үйіне келіп, үш жасар қызының көзінше әйелін аяусыз сабаған.

"Полиция қызметкері әйелінің шашынан ұстап, жуыну бөлмесіне сүйреп алып барған. Ол жарын тұншықтыруға ниеттенген. Жөндеу жұмыстарына байланысты сол күні үйдегі суды өшірген көрінеді. Арам ойын іске алмаған полиция қызметкері әйелін ұрып өлтірмек болыпты. Сабап жатқан уақытта кішкентай қыз қатты жылап, полиция қызметкері алаңдап қалған. Осы сәтте әйелі үйден қашып шыққан", - Таңсәрі.

 

Осыдан кейін тәртіп сақшысының жары көршінің үйіне барып тығылған. Сол жерден полиция мен жедел жәрдем қызметін шақырып, ауруханадан жеткізіліпті. Әйелдің қазіргі уақытта да ем қабылдап жүргені белгілі болды.

"Қазір басы ауырып, ол ұйқысыздық дертіне шалдыққан. Ал кішкентай қызы саусағын қан шыққанша тістеп тастайтын әдет шығарды", - деді ұйым жетекшісі.

 

БҚО полиция департаментінің дерегінше, тергеу амалдарын жүргізуге әлеуметтік желіде жарық көрген жазба себеп болған.

Онда облыстық полиция департаменті патрульдік полиция батальонының инспекторы, полиция аға лейтенанты Жексенов пен оның жұбайы Алқанованың арасында 2019 жылғы 23 қазанда болған отбасылық кикілжің дерегі айтылады.

Сол жылдың 31 қазанында Алқанова күйеуінің өзіне дене жарақатын келтіргені туралы облыстық полиция департаментіне шағым түсірген. Содан кейін жәбірленушіден Жексеновке талабы жоқ екендігі жөнінда тағы бір арыз түсіп, тексеру жұмыстары тоқтатылған.

"Қазіргі уақытта қылмыстық кодекстің 115-бабына (қорқыту) сәйкес тергеу амалдары басталды. Сондай-ақ қызметтік тексеру жүргізілуде, оның қорытындысы кейін хабарланатын болады", - делінген хабарламада.




Көрілген: 425    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.05.2020, 14:50

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31